Қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін блогерлер мен вайнерлер ірі көлемде айыппұл төлейді

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Мәжіліс депутаты Юрий Ли қазақстандықтардың қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін қандай айыппұл төлейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша біз ұсынып отырған шара – қаржы пирамидасы сияқты құбылысқа нақты заңнамалық жауап. Осы заңды енгізгеннен кейін танымал адамдар, блогерлер, вайнерлер және басқа да тұлғалар белгілі бір қаржы өнімдерін жарнамалау кезінде әлдеқайда сақ болып, жауапкершілікпен қарайтынына сенімдімін. Оның үстіне бұл қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.Мәжіліс депутаты Юрий Ли

Сонымен ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы, 1-бөлігіне сай 2000 АЕК (6 126 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салу, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы, 4-бөлігіне сай қылмыстық жаза – үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу түрінде көрсетілуі мүмкін квалификациялық құрам. Сондықтан бұл – өте қатаң алдын алу шарасы.Юрий Ли

Бұған дейін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар қаржы пирамидасын жарнамалауға жауапкершілікті қатайту туралы түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдаған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді