Есірткі сатушылардың ұсталған сәтінің видеосы жарияланды

Сурет: Zakon.kz
Қарағанды ​​облысында есірткі сатумен айналысқандар ұсталды. Олар өңірлерге ірі көлемде есірткі жеткізумен айналысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
12 маусымда 34, 39 және 56 жастағы үш ер адам ұсталды. Олардың барлығы Жамбыл облысының тұрғындары. Ұсталғандардан 6 миллион 435 мың теңге, сегіз қап марихуана тәркіленді. Оның жалпы салмағы 198 келі болды. Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Бауыржан Миссәлімов

Соңғы мәліметтер бойынша, 13 маусымда түнде Алматы және Тараз қалаларында осы топқа мүше тағы үш адам ұсталды.

Олардан Range Rover және Lexus автокөліктері, атыс қарулары тәркіленді. Бауыржан Миссәлімов

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі мөлшерде өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті