Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 551 және 545-баптары бойынша 103 әкімшілік материал толтырылып, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар 13 фактіні анықтады.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі
Комитеттегілердің мәлімдеуінше, анықталған немесе декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражатының сомасы 528 млн теңгеден асты.
Қаңтарда Алматы – Абу-Даби бағытындағы әуе рейсінің кедендік бақылауынан өткеннен кейін ұшып шығу залында ҚР азаматшасы тоқтатылды, одан 57 000 АҚШ доллары мөлшерінде декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражаты табылды.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі
Ақпанда Алматы – Ыстамбұл бағытындағы әуе рейсін тексеру кезінде 7 000 АҚШ доллары мөлшерінде декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражаты табылған ҚР азаматшасы тоқтатылды.
Материал Экономикалық тергеу департаментіне берілді. Азаматшаға ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (экономикалық контрабанда).ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі
Ведомство таратқан ақпарат бойынша мамырда Сеул – Алматы бағытындағы әуе рейсінің кедендік бақылауынан өткеннен кейін ұшып шығу залында ҚР азаматшасы тоқтатылып, одан 12 000 АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша қаражаты табылды.
Ал маусым айының басында ұшып келу залында Дубай – Алматы әуе рейсін кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде ҚР азаматы тоқтатылды, онда жеке тексеру барысында 23 200 АҚШ доллары анықталды. Азаматша әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілігкке тартылды.
Еске салсақ, мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынған.