Балқашта темір торға басын тығып алған бала құтқарылды

Сурет: видеодан алынды
17 маусымда Қазбеков көшесіндегі көппәтерлі үйлердің бірінде оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2014 жылғы бала басын терезенің темір торына тығып алып, артынан шыға алмай, тұрып қалды. Дегбірі қашқан ата-ана баласын өздігінен шығарып алғысы келгенімен, онысынан түк шықпады, сөйтіп сырттан көмек сұрауға тура келді. Өрт сөндіруші-құтқарушылар гидравликалық айқыш қайшының көмегімен металл торды кесіп алып, баланың басын шығарып алды. Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Бала аман, ол медициналық көмекті қажет етпеді, делінген хабарламада.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз