Алматы облысында құтқарушылар жел айдап әкетіп, аударылған қайыққа көмекке барды

Сурет: Instagram/batysqaz_tjd
2022 жылы 24 маусымында Алакөлде оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақши ауылында көл жағасынан бір шақырым қашықтықта куәгерлер су бетінен аударылған қайықты байқағаны туралы хабар сағат 6:20-да келіп түсті.

Ақши ауылы Алакөл өңірінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу шақырту орнына аттанды.

Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар Алматы қаласының 1968 жылғы тұрғыны резеңке қайықпен балық аулау кезінде қатты жел тұрып, қайықты жағадан алып кетіп, су ортасында аударып жібергені анықталды. Балықшы қайықтың жанында суда болды.

Ер адам жағаға эвакуацияланды, ол медициналық көмекті қажет етпеді. Құтқарылушылар судағы қауіпсіздік ережелері және құтқару кеудешесінсіз суда болудың салдары туралы түсіндірме әңгіме жүргізді. Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Құтқарушылар азаматтарды судағы барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды