Биыл қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда тұрмыста 378 құқықбұзушылық жасалған. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 4,3% аз. 2021 жылдың осы кезеңінде секторда 395 құқықбұзушылық тіркелді, жылына минус 5,5%.
Өңірлік тұрғыда ең көп құқықбұзушылықтар Шығыс Қазақстан облысында жасалған: 47 оқиға, бір жыл бұрынғыдан 36,5% көп.
Алматы облысы екінші орында: 46 құқықбұзушылық, плюс жылына 2,2%. Одан кейінгі орында Қостанай және Павлодар облыстары. Әрқайсысында 36 құқықбұзушылық. Еліміздегі тұрмыстағы құқықбұзушылықтардың шамамен 44%-ы осы төрт облыстың үлесіне тиген.
Ең аз құқықбұзушылықтар Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында тіркелді.
Бес айдың қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық саладағы барлық қылмыстық құқықбұзушылықтың 40,2%-ы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактілеріне тиесілі: 152 қылмыс, бір жыл бұрынғыдан 5,6% аз. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру жағдайлары да айтарлықтай үлесті алады: 132 құқықбұзушылық, плюс 6,5%, – делінген Ranking.kz зерттеуінде.
Тұрмыстық құқықбұзушылықтардың қатарында кісі өлтіру де болды: 52 жағдай, плюс жылына 2%.
Ескерту: БҰҰ деректері бойынша 15-49 жас аралығындағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың ең жоғары деңгейі Сахараның оңтүстігіндегі Африкада, Оңтүстік Азияда және Океанияда (33%-51%) байқалады. Америкада әйелдердің 25%-ы зорлық-зомбылыққа тап болса, Австралия мен Жаңа Зеландияда – 23%, Еуропада – 16%-дан 23%-ға дейін, ал Батыс Еуропада бұл көрсеткіш 21%-ды, Шығыс Еуропада – 20%-ды құрайды. Орталық Азияда ресми деректер бойынша бұл көрсеткіш – 18%. Жағдайлардың басым көпшілігінде зорлық-зомбылықты әйелге жақын адам – күйеуі немесе серіктесі жасайды.