Петропавлда аса ірі көлемде есірткі сақтаған жас қыз 3 жылға сотталды

Сурет: Zakon.kz
Петропавлдың 22 жастағы тұрғыны есірткіні заңсыз сақтағаны үшін сотталды. Ол өткен жылғы қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бойжеткеннен темекі шегуге арналған құралдар мен көк түсті кристалл тәріздес зат салынған екі полимерлік түйіншекті тәркіледі. Нәтижесінде сараптама аталған заттың «альфа-PvP» есірткісі, басқаша айтқанда белгілі «тұз» есірткісі екенін көрсетті.СҚО ПД баспасөз қызметі

Алынған заттың салмағы 2,9 грамм болған. Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл аса ірі көлемге жатады.

Қазіргі уақытта қыз ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.СҚО ПД баспасөз қызметі

 

Қазақстан
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы