Түркістан облысында жолға таласқандар төбелес шығарды

Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында екі ер адам тас жолда төрт жас жігітті соққыға жықты. Жанжал тас жолға таластан шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияға төрт жігіт арызданды. Зардап шеккендердің айтуынша,  «Ваз 2106» көлігінен белгісіз екі адам түсіп, оларды ұрып-соғып, көзден ғайып болған. Полицейлер бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полицейлер күдіктілерді ұстады. Белгілі болғандай, зардап шеккендер LADA Priora көлігімен Шымкентке қарай бет алған. Жолда олар  «Ваз 2106» көлігімен жолға таласқан. Салдарынан түсініспеушілік болып, күдіктілер жастарды ұрып-соғып, кейін із-түзсіз жоғалып кеткен.

Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған