Елордада банкет өткізу үшін ақша алып, тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Нұр-Сұлтанда полицейлер тағы бір алаяқты құрықтады. Жәбірленушінің айтуынша, ер адам өзін мейрамхана әкімшісі ретінде таныстырып, көп қонақпен іс-шара өткізуге уәде берген және 590 мың теңге мөлшерінде алдын ала төлем алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгісіз біреу қала тұрғынының сеніміне кіріп, жарты миллион теңгеден астам ақшасын иемденген. Әйел қаскүнемнің банкет залының әдемі түрлі-түсті фотосуреттері салынған интернет желісіне орналастырған хабарландыруы бойынша қоңырау шалып, алаяқтың қармағына түсіп қалған.

Жәбірленушінің айтуынша, ер адам өзін мейрамхана әкімшісі ретінде таныстырып, көп қонақпен іс-шара өткізуге уәде берген және 590 мың теңге мөлшерінде алдын ала төлем алған. Бұл қаражат ғимаратты броньдау үшін қажет деп түсіндірген. Тапсырыс беруші осы шартпен келісіп, қажет соманы берген. Күдікті ақшаны алып, қайта байланысқа шықпаған, – делінген Polisia.kz хабарламасында.

Нұр-Сұлтанның Полиция департаменті “Алматы” ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында елорданың 33 жастағы тұрғынын ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабымен “Алаяқтық” сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады