Атырау облысы «Жылыойсу» МКК директоры Алагузов қаражатты аса ірі мөлшерде жымқырып, 126 млн теңге залал келтірген. Тергеу кезінде залал толығымен мемлекетке қайтарылды.ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Агенттіктің хабарлауынша, сот үкімімен кәсіпорын басшысы кінәлі деп танылды.
Оған мемлекеттік мекемелерде материалдық жауаптылығы бар басшы қызметімен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
ҚК-нің 63-бабының талаптарына сай, тағайындалған жаза шартты деп есептеледі.ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Ведомсвто өкілдері атап өткендей, тергеу кезінде Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон халқына сумен жабдықтау қызметтеріне бекітілген тарифтер 54,4 пайызға төмендетілді.