Бақытбек Есентаев бостандыққа шығады

Сурет: kzclip.net
Қапшағай қалалық соты сотталған Бақытбек Есентаевтың өтінішін қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылғы 3 қарашадағы үкімімен Есентаев кісі өлтіруге оқталу (ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-баптың 1-бөлігі) бойынша 9 жылға сотталып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеп жүрген еді.

Қапшағай қалалық сотының мәлімдеуінше, Есентаев жазасын өтеу кезінде сотқа мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш берген.

Прокурор сотталған Есентаевтың өтінішін қанағаттандыруды сұрады.

Сотталушы мен оның қорғаушысы өтінішхатты толық қолдап, олар да қанағаттандыруды өтінді.

Жәбірленуші Алагузова Б.М. және оның өкілі де Б.Есентаевты шартты түрде мерзімінен бұрын босатумен келісті.

Есентаев жазасын өтеу кезінде 11 марапат алды, бір рет өтемақы төледі, жазаның ½ бөлігін өтеді, яғни 6 жыл 1 ай 2 күн, мінез-құлқының 3 оң дәрежесі бар. Алматы облыстық соты

Жазаланушы жасалған қылмысының қоғамдық қауіптілігін түсініп, істеген ісіне өкінеді.

Сот үкімімен өндірілген 756 269 теңге процестік шығын ерікті түрде өтелді.

Қапшағай қалалық сотының 2022 жылғы 12 шілдедегі қаулысымен сотталған Есентаевтың жазасын шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхаты қанағаттандырылды.Алматы облыстық соты

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды