Алматы облысында 120-дан астам мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының прокуратурасы Сарқан, Қарасай, Көксу, Ескелді аудандары мен Текелі қаласының орта мектептерінде 122 мұғалім жоғары оқу орындарының жалған дипломымен жұмыс істеп жүргенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жалған құжаттар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің атын пайдалану арқылы жасалған. Көрiнеу жалған құжатты пайдалану деректері бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.Алматы облысының прокуратурасы

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі уақытта қылмыстық қудалау органы 41 маманға қатысты қылмыстық істер кінәсін мойындауына байланысты және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына орай ақталмайтын негіздер бойынша өндірістен тоқтатылды, олар қызметтен босатылды.

81 маманға қатысты қылмыстық істер тергелу үстінде. Алматы облысының прокуратурасы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады