16 шілдеде Қырғызстанның Ыстықкөл облысында Қазақстан азаматы қаза тапты. Оның жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы болғаны белгілі болды.
58 жастағы Мұрат Жүзгенбаев Қырғызстанға екі спортшысымен бірге чемпионатқа дайындалу әрі жиын үшін келген. Олар Қырғызстанда 3 шілдеден бері жүрген.
Оқиға куәгерлерінің бірі - жүзуден жаттықтырушы Меруерт Достаева Zakon.kz-ға 16 шілдеде таңертең Мұрат Жүзгенбаев өзінің жасөспірім спортшысымен бірге қашықтықты игеру үшін дайындықта болғанын айтты.
Мен оның студентімен таныспын. Олар көбінесе стартқа келеді. Осы оқиғаға дейін жолда қауіпті сәттер болған. Қазір жаттығу процесі тоқтатылды. Оқиға орнына милиция мен жедел жәрдем келді. Қыз психологиялық тұрғыда зардап шекті. Екінші студенті оқиға орнына сәл кейін келіп жетті. Меруерт Достаева
Меруерт Достаева Қырғызстан билігінен аталған оқиғаға қатысты ашық әрі әділ тергеу жүргізуді сұрады.
Бұған дейін ол Instagram-да Ыстықкөл облысы өзінің биік таулы климатының арқасында бүкіл әлем спортшылары арасында кеңінен танымал екенін жазған болатын.
Оқу-жаттығу жиындарына жыл сайын велосипедшілер, триатлеттер, қашықтыққа жүгірушілер, жүзушілер және басқа да спортшылар келеді. Алайда, аймақта қауіпсіз жаттығуларға жағдай жасалмаған.
Спортшыларға арналған велосипед жолдары мен тротуарлар салынғанша, мұндай жағдай орын ала береді. Құрметті жергілікті билік, осы апатқа назар аудара отырып, спортшыларға жағдай жасауды бастауларыңызды сұраймыз, - деді Достаева.
Балықшы-Ананьево-Қаракөл тас жолының 97-ші шақырымында қайғылы оқиға орын алды.