Талдықорғанда газға уланған ер адам ауруханаға жеткізілді

Сурет: pixabay
Көктем ықшам ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйде оқыс оқиға орын алды. Көршілер алтыншы қабаттағы пәтерден газдың иісін сезіп, мамандарды шақыртқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Газ таралуын тоқтату мақсатында ТЖД қызметкерлері пәтерге балкон арқылы кіруге мәжбүр болды. Кереуетте табиғи газбен улану белгілері бар 1985 жылғы ер адам ес-түссіз жатқан, ол құтқарылып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ер адам ауруханаға жеткізілді.

Құтқарушылар анықтағандай, зардап шеккен адамның пәтеріндегі табиғи газдың шүмегі сәл ашылып қалған.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі