Алматы облысында жылқыны қасақана басқан кінәлі жазаға тартылмайтын болды

Полицейлер Алматы облысы Іле ауданында жылқыны таптап кеткен адам жазаға тартылмайтынын, тараптар татуласқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін хабарланғандай, Междуречинск ауылының 38 жастағы тұрғыны ауылдасымен жанжалдасып, Toyota Land Cruiser көлігімен атын қасақана қағып кеткен еді.

Ұсталған құқық бұзушының сөзінше, ол бақшасында жайылып жүрген жиырма шақты жылқыны айдап шықпақ болған.

Полиция Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 316-бабы («Жануарларға қатыгездік жасау») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді.

Енді облыстық полицияның баспасөз қызметі қылмыстық іс тоқтатылғанын мәлімдеді.

Зардап шеккен ауыл тұрғыны жылқысын басып кеткен жол талғамайтын көлік жүргізушісіне ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, тиісті арызымен аудандық полицияға жүгінген. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Кінәлі келтірілген шығынды толығымен өтеп, жәбірленушіден көпшілік алдында кешірім сұрады-мыс.

Тараптардың татуласуына байланысты күдіктіге қатысты қылмыстық іс тоқтатылады. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: