Алматыда полицияның мопедистті қуған сәті видеоға түсіп қалды

Сурет: видеодан скриншот
Алматыда арнайы батальон мүшелері шлемсіз келе жатқан мопед жүргізушісін қуды. Ол қамауға алынды. Мопед жүргізушісіне қатысты төрт әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл оқиға түсірілген видеоны Zakon.kz оқырманы редакцияға жіберді.

Қалалық полиция департаменті арнайы батальон шлемсіз мініп келе жатқан мопедистті байқап, оны ұстамақ болғанын, бірақ ол бағынбағанын айтты.

Арнайы жасақ қуған кезде мопед жүргізушісі көлікпен соқтығысқан. Одан кейін жаяу қашып кеткен. Бұл кезде жақын жерде тағы бір жасақ болып, мопед жүргізушісі ұсталды.Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Мопедистке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы (ҚР ӘҚБтК) төрт хаттама толтырылды:

Сонымен қатар қалалық ПД субұрқақтар мен серуендеу алаңдарын айналып өткен мопедистермен болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің басшылығы аталған аумақта нақты, мақсатты рейдтер өткізуді жоспарлап отыр. Оның барысында аса ауыр құқықбұзушылық жасаған азаматтар анықталады. Олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріліп, жауапкершілікке тартылады.Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бұл ретте қалалық ПД-да атап өткендей, «бұрын бұл факті бойынша тұрғындардан ешқандай хабарландыру болмаған».

Құқықбұзушылардың әрекетіне түбегейлі баға берілетіні сөзсіз.Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды