Ақтөбе облысында 82 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған тұлғалар сотталды

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2026 09:36 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ақтөбе облысында мектепке бөлінген 82 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған бірнеше бухгалтер сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі 2026 жылғы 23 қарашада хабарлағандай, бұл деректі Шалқар ауданының прокуратурасы анықтаған. Бухгалтерлер жымқырған ақшаны мектеп қызметкерлеріне төленген жалақы ретінде көрсеткен.

Анықталғандай, "№5 мектеп-лицейі" КММ-нің бас бухгалтері басқа бухгалтерлермен бірге 2021–2024 жылдары директордың электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, қызметкерлерге жалақыны асыра есептеп аударуды ұйымдастырған. Қызметкерлер артық алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, бухгалтерлерге берген.

Осы факті бойынша аудан прокуратурасы ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша қылмыстық іс тіркеді.

Шалқар аудандық сотының үкімімен үш кінәлі тұлға сотталды. Бас бухгалтерге 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы, ал қалған екі сотталғанға 7 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Барлық сотталғандарға 10 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды. Кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты сот жазаны өтеуді кейінге қалдырды.

Үкім заңды күшіне енді.

Алматы облысының Алатау қаласында бюджеттен 6 млн теңге жымқырылғаны анықталды. Тергеу барысында "Алатау қаласының мансап орталығы" КММ-нің екі қызметкері іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға бюджет есебінен заңсыз жалақы төлеуді ұйымдастырғаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: