Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда бюджет қаражатын жымқырған бухгалтер мен шаруашылық меңгерушісі сотталды

Тенге, деньги, коррупция, взятка, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2024 22:06 Фото: Zakon.kz
Павлодарда бухгалтер бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотпен анықталды:

  • 2022 жылдың қаңтарынан бастап 2024 жылдың наурызына дейінгі кезеңде "Павлодар қаласындағы № 4 бөбекжай-бақшасы" МҚКК бухгалтері Б.А. осы бөбекжай-бақшасының шаруашылық меңгерушісі Б.Ж.-мен алдын ала сөз байласып, өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, есептік-төлеу туралы тізімді заңсыз жасау және өзінің банктік шотына және шаруашылық меңгерушісі Б.Ж.-ның банктік шотына заңсыз ақша аудару жолымен бюджет қаражатын жымқырған, сонысымен мемлекетке жалпы сомасы 41 миллион теңгеден астам мөлшерде материалдық залал келтірген.
  • Осымен тоқтамай, осыған ұқсас қылмыстық схеманы пайдаланып, Б.А. 2023 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың мамыры аралығында "Павлодар қаласының №7 бөбекжай-бақшасы" МҚКК-ның бухгалтері болып қызмет атқарып, жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған.
  • Сондай-ақ, Павлодар қаласында болып қашықтықтан жұмыс істеп Аққулы ауданындағы "Қызғалдақ" бөбекжай-бақшасының бухгалтері бола тұра, 2023 жылдың желтоқсаны мен 2024 жылдың мамыры аралығында жалпы сомасы 7 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған.

Сот қандай жаза тағайындады

Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды — кінәсін толық мойындауды, шын жүректен өкінуді, оң мінезделуін, келтірілген зиянды ішінара өтеуді, Б.А.-ның бес жас баласының болуын ескере отырып, Б.А.-ны мемлекеттік ұйымдарда 5 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырумен, Б.Ж.-ны 5 жыл мерзімге мемлекеттік ұйымдарда қаржылық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырумен, әрқайсысына 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: