Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда АӨК-ті дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырған шенеуніктер сотталды

Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы, АӨК, бюджет қаражаты, жемқорлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2022 16:31 Сурет: gov.kz
Алматыда агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) дамытуға арналған бюджет қаражатын жымқырған мемлекеттік қызметкерлер сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіндегілер мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының үкімімен Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бұрынғы басшысы А.Керімбек, оның қарамағындағылар К. Әбдіжаббарова, Д. Тазабек және  «Молпродукт» ЖШС директоры Р. Сүлейменова бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Мемлекеттік қызметкерлер ауыл шаруашылығы саласындағы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялауға бөлінген 423 миллион теңгені ұрлаған, – делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Ведомствоның хабарлауынша:

  • А.Керімбек, К. Әбдіжаббарова мен Д.Тазабекке мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды;

  • Р. Сүлейменоваға коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: