Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтан құны 1 млрд теңгеден асатын мүлік тәркіленді

Алматыда 2017 жылы соттың үкімімен жалған кәсіпкерлік пен ақшалай қаржыны қолма-қол айналдырғаны үшін сотталған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүлкі тәркіленді. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
2017 жылы соттың үкімімен жалған кәсіпкерлік пен ақшалай қаржыны қолма-қол айналдырғаны үшін ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды. Атап айтқанда, 86 жалған кәсіпкерлік ашып, қылмыскерлер 87 млрд теңгеден аса қаражатты қолма-қол айналдырып, 27,7 млрд теңгеге салық төлеуден жалтарды.Алматы қаласының прокуратурасы

Қадағалау органы таратқан ақпаратқа сүйенсек, олар қылмыстық жолмен алынған қаражатты мүліктерді сатып алу арқылы заңдастырған.

Соттың үкімімен қаладағы беделді ауданда орналасқан 1,3 мың ш/м-ге жуық көлемде тұрғын үй құрылысы бар жалпы көлемі 1,4 га болатын екі жер телімі қайтарылды. Жерлердің біреуінде тікұшақ қонатын алаң орналасқан. Ол объектінің шамамен нарықтық құны 1 млрд теңге болады.Алматы қаласының прокуратурасы

Сонымен қатар прокурорлар анықтағандай, қылмыскерлер мүліктерін тәркілеуден жалтарту үшін «теріс пиғылды» жоспарларды жүзеге асырған.

Осылайша, жер телімдері сотталғандардың біреуінің әкесінің иелігіне шығарылған. Кейін сот үкімін орындаудан жалтару үшін жылжымайтын мүлік төрт мәрте үлестес тұлғалардың арасында жер телімінің конфигурациясын өзгерту арқылы сатылған. Жалған мәмілеле жасау арқылы мүлік қағаз жүзінде сотталғандардың біреуінің қызына қайтарылған.Алматы қаласының прокуратурасы

Бұдан бөлек, осындай «теріс пиғылды» жоспарларды жүзеге асырып, мүлікті сақтап қалу үшін жер телімдерінің кезекті иелерінің бірі әдейі жалған некеге отырған.

Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратурасы аталған мәмілелерді, жалған неке туралы мәмілені заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінді.Алматы қаласының прокуратурасы

Жүргізілген ауқымды сот процестері, сондай-ақ азаматтық істің апелляциялық сатыда қаралу нәтижесі негізінде қадағалау органының талап арызы толығымен қанағаттандырылды.

Жоғарыда қабылданған шаралар бағалы мүліктердің мемлекет пайдасына қайтарылуына негіз болады.Алматы қаласының прокуратурасы
Алматы Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: