Алматы облысында әбден ашынған келіншек әкімдікке барып, кір жуды

Сурет: видеодан алынды
2022 жылдың 25 шілдесінде Зульфия Мәсімова Тұздыбастау ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында кір жуып, өз наразылығын осылайша білдірді. Ол үйінде су жоқ екенін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті әкімдік бұл әйел тұратын Айжарық ықшам ауданына "Талғар Су" жекеменшік су құбыры арқылы су жеткізетінін мәлім етті. Ал бұл су құбыры жеке тұлға өз есебінен жүргізілген. Оның арқасында 150-ге жуық үй сумен қамтамасыз етілген.

Видео: angry_taldyk

Бірақ олардың арасында Мәсімованың үйі жоқ. 2021 жылы әйелдің өтініші бойынша жергілікті әкімдік 150 метр құбыр жүргізіп берген, бірақ жазда су ақырын ағатынын ескерткен.

Ауылдық округ әкімінің орынбасары Жалғасбай Өмірзақтың айтуынша, бүтін ықшам аудан қосылған жеке су құбырын салуда құрылыс нормалары дұрыс сақталмаған, сондықтан оны қайта жаңарту қажет.

Енді "Талғар Су" тұрғындарға кәсіпорынның қайта құрылымдап, су беруді жеткілікті көлемге жеткізу үшін қайта шарт жасасуды ұсынады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды