Түркістан облысының тұрғыны ауласына сора мен көкнәр еккен

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомсвто өкілдерінің мәлімдеуінше, полиция бөліміне жергілікті тұрғын үйінде ірі мөлшерде есірткі затын өсіруі мүмкін деген хабарлама түседі.

Ақпарат алысымен Бәйдібек АПБ қызметкерлері күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Қабылданған жұмыстар нәтижесінде, полиция қызметкерлері тұрғынның үйінің ауласынан заңсыз, өсіруге тыйым салынған 300 түп жасыл түсті өсімдікті тапты. Одан бөлек 180 түп көкнәр өсімдігіне ұқсас зат табылды. Оларға сараптама тағайындалды. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қорытындыға сәйкес, алынған түптердің бірі 340 келі сора, ал екінші анықталған зат бір келіге жуық көкнәр болып шықты.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді ірі мөлшерде заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркелді. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз