Қазақстаннан 4 млрд теңгенің жанар-жағармайын ацетон ретінде алып шықпақ болған

Мұнай өнімдері контрабандасы фактісі бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды. Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері аталған істер бойынша айыпталушылардың отынды қайдан алғанын анықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, Жамбыл облысында 5 цистерна  АИ-92 маркалы бензинді Қырғыз Республикасына экспорттамақ болғандар ұсталды. Құжаттарда бұл басқа өнім, яғни лак кетіретін еріткіш деп көрсетілген.

Тәркіленген жанар-жағармайдың  құны - шамамен 60 миллион теңге. Агенттік таратқан ақпаратқа сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында жанар-жағармайдың бастапқы көзі мен оның айналымына қатысы бар тұлғалар анықталып жатыр.

Жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі 4 миллиард теңгеге жалпы көлемдегі 20 мың тонна  мұнай өнімдерін заңсыз айналымы фактілері бойынша 35 қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ Павлодар облысында дизель отыны бар төрт теміржол цистернасы ұсталды, оларды Ресейге "органикалық еріткіш" түрінде шығаруға тырысқан. Павлодар облысында ЖШС директоры 76 млн теңгеге 660 тоннадан астам көлемде растайтын құжаттары жоқ мазут сатқан. ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов
Павлодар Тараз
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: