Жас қыз жүргізуші куәлігін алып беремін деп тұрғындарды алдаған

Сурет: Zakon.kz
Алматылықтарды үргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп алдап кеткен қыз ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Наурызбай аудандық полициясының мәліметінше, 25 жастағы А есімді азаматшаға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр. А есімді азаматша қаланың кемінде екі тұрғынын алдады деген күдікке ілініп отыр. Күдіктінің әрекетін полицияға қала тұрғыны хабарлады.

Тұрғынның айтуынша, бойжеткен өзін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерімін деп таныстырып, жүргізуші куәлігін тез арада алуға көмектесуді ұсынған. Жедел шаралар қолданылып, күдікті ұсталды. Істі қарау барысында оның екі бірдей эпизодқа қатысы бар екендігі анықталды. Бойжеткен өз қызметі үшін 20 мыңнан 50 мың теңгеге дейін алдын ала төлем сұраған, – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Дегенмен полиция жәбірленушілердің бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтып отыр. Тәртіп сақшылары осы қыздың әрекетінен зардап шеккендердің барлығын мына телефондар арқылы хабарласуға шақырады:

8-707-447-07-50;

8-747-699-70-02;

8-778-622-02-19.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз