MMK Investment қаржы пирамидасын құрушы ұсталды – ҚР ҚМА

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті инвестиция саласындағы маркетингтік компания атын жамылған MMK Investment қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттік таратқан ақпаратқа қарағанда, мұндай компаниялардың өкілдері салымшыларды ең аз 50 доллар инвестициямен тартқан.

Бұған қоса күнделікті жоғары табысқа әкелінген әрбір клиент үшін қосымша пайыз төлеуге уәде берген.

Жеке шоттағы әрбір салым сомасы шарт жасамай «цифрлық түрде» көрсетілді. Сонымен қатар мұндай жалған қаржылық ұйымдардың клиенттерінің инвестицияланған қаражатты алу мүмкіндігі жоқ, тек шотты толтыру бар. MMK Investment компаниясының заңсыз қызметі әлеуметтік желілер арқылы жарнамаланды. MMK Investment қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.ҚР ҚМА баспасөз қызметі

ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.

Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астанада ер адам өзін негізсіз жұмыстан шығарған жұмыс берушісінен 7 млн теңге өндіріп алды

Шымкентте көлігінен 4 млн теңгенің заты табылған ер адам қамауға алынды

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды