Қостанайда бес жасар қызды кірекей тістеп тастаған. Сот үкімі шықты

Сурет: Қостанай облыстық Табиғатты қорғау полиция департаменті
Қостанай аудандық соты баланы кірекей (аюдың ұрғашысы) тістеп алуына байланысты демалыс базасының қожайынына зардап шеккен отбасыға 18,5 млн теңге өтемақы төлеуді міндеттеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 2021 жылдың қыркүйегінде Қостанай облысындағы "Радуга" демалыс базасында орын алған.

Ересектердің қарауынсыз болған бес жасар қыз аю тұрған торға жақындап келген. Осы сәтте жыртқыш аң қыздың аяғынан ұстап, тартып алып бірнеше рет тістеген. Дәрігерлерге баланың аяғын кесуге тура келді.

Оқыс оқиғадан кейін аю Солтүстік Қазақстан облысындағы шағын хайуанаттар бағына өткізілгені хабарланды.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды