3,5 мың тоннадан астам мазут, теңіз отыны мен нафта шетелге заңсыз шығарылмақ болды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қомақты көлемде мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактісінің жолын кесті, деп Zakon.kz.

Агенттік таратқан мәліметке сүйенсек, жедел-іздестіру шаралары барысында кәсіпорында 2022 жылғы шілде айынан бастап ҚР мұнай өңдеу зауытының өндірістік төлқұжаты болмағаны анықталды.

Міндетті рұқсат құжаттарының жоқтығына қарамастан, ЖШС мұнай өнімдерін заңсыз өндіріп, сақтап, өңдеп, тасымалдаған.ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Нәтижесінде 3,5 мың тоннадан астам мазут, теңіз отыны мен нафтаны мұнай өнімдерінің басқа түрі ретінде ел аумағынан тыс жерлерге заңсыз шығарудың жолы кесілді.

Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін