Алматыда анасын аяусыз ұрған ер адам сотталды

Сурет: Zakon.kz
Келін мен ене арасындағы жанжал үстінен түскен мас күйдегі ер адам анасына тап берген. Бейнебақылау жазбасынан оның алдымен анасын буындырып, жерге құлатып, балдақ сынғанша ұрғаны анық көрінеді. Осыған қарамастан, сот отырысында анасы ұлына кешірім берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Алматының Алатау ауданындағы Жезқазған көшесінде болды. Анасын аяусыз ұрған 50 жас шамасындағы күдікті бейнежазба арқылы анықталып, ұсталғаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп мәлімдеді almaty.tv тілшілері.

3 ай өткеннен кейін сот отырысы өтті. Онда жәбірленушіден бөлек, айыпталушы мен оның адвокатынан жауап алынды.

Алатау аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры Дінмұхамед Маханбетқұлдың айтуынша, сот-медициналық сараптамаға сәйкес, жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтірілгені белгілі болды. Сотталушы жасаған қылмысын толық мойындап, өкінетіндігін айтты.

Ұлы қорлық көрсетсе де, анасы оған кешірім беріп, жазасы жеңілдетілді.

Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін Смирнов Александр Владимирұлын кінәлі деп танып, ҚР ҚК 107-баптың 2-бөлігі 3және 5-пунктіне сәйкес, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалсын. Дәл сондай мерзімде 100 сағатқа мәжбүрлі жұмысқа тартылсын.Алатау аудандық сотының судьясы Гүлзат Шардарбекова

Айыпталушы бұл талаптарды орындамаса, жазасын темір торда өтейді. Одан бөлек, ол полиция бақылауында болады.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі