Ақтөбеде ағайынды екі баланы ит қапты

Сурет: pixabay
Ит 15 жастағы жасөспірімнің жеті жерінен қапсы, он жастағы інісінің аяғын жаралаған. Тұрғындар дереу жедел жәрдем шақырып, балалар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға кешкі сағат сегіз шамасында болған. Далада ойнап жүрген балаларға қабаған ит шабуылдап, тіпті екеуін қауып үлгерген, деп мәлімдеді «Астана» телеарнасының тілшісі.

Подъезге қашқанда ит бетонды опырып үлгерген. Куәгерлердің айтуынша, ит Бультерьер тұқымды. Көшеде ауыздықсыз, жүгенсіз жүрген. Абырой болғанда, балаларды көршісі құтқарып қалған. Ол итті атуға мәжбүр болған, әйтпегенде балаларды құтқаруа алмайтін еді.

Ана жерде әйелді қуып бара жатты. Жүгірдім. Ит кері өзіме шауып келе жатты. Көзі қызарып кеткен. 2 метрдей қалды. Секірейін деп жатқанда төсінен аттым. Ақтөбе қаласының тұрғыны Ерлан Әмірғалиев

Телеарна тілшісінің хабарлауынша, итті атқаны үшін оған айыппұл салынды.

Жарақат болғанымен, амбулаториялық емге келген соң олар емханаға жатудан бас тартты. Емін толық алды. Екі сағаттай болып, бүкіл дәрі-дәрмегін алып, аллергияға, барлығына тексеріліп үйге жіберілді.Ақтөбе облыстық балалар ауруханасы травматология және нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Қуантай Махамбетов

Құқық қорғаушылар қараусыз жүрген қабаған иттің иесін тапты. Жауапсыздығы үшін оған 60 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ақтөбе
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды