Алматыда қоймалардан шыққан өрт екі сағаттай сөндірілді

Сурет: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Жетісу ауданында Ангарская көшесінің бойында сағат 11:00 шамасында ангар үлгісіндегі қоймалар аумағынан өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт шыққан жерге қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері аттанды. Жалын көрші қоймаларды да шарпуы мүмкін еді.

Жедел штаб жұмыс істеп, үш өрт сөндіру орны құрылды. Өртті сөндіруге қоймалардағы тез тұтанғыш заттар мен ангараралық кеңістіктерге кіру қиындық тудырды. «Алматы Тазалық» мекемесінің техникаларымен және өрт сөндіру автокөлігімен су дер кезінде, үздіксіз қамтамасыз етілді.Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Өрт 12:42-де оқшауландырылып, 13:12-де толық сөндірілді.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт орнында жеке құрамның 55 адамы, Өрт сөндіру қызметінің 15 техникасы, өзара іс-қимыл қызметтері жұмыс істеді.

Қабылданған шаралардың арқасында жалпы ауданы 400 шаршы метрден асатын іргелес ангарды өрттен қорғауға мүмкіндік туды, – делінген Алматы ТЖД таратқан хабарламада.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз