Ол ұзындығы бір метрдей ересек итбалық еді. Оның тістері теріден өтіп кетті. Итбалық шабуылдағаннан кейін мен дереу облыстық аурухананың дәрігерлеріне жүгіндім, бірақ олар «не істеу керек екенін білмейміз» деп көмектеспеді», – деді жәбірленуші Астана телеарнасына.
Экологтар сүтқоректілердің бұл агрессивті мінез-құлқын табиғи ортасын қорғауға деген ұмтылысымен байланыстырады. Итбалықтар таяз жерде балық аулау үшін жүрген болуы мүмкін.
Итбалықтардың мекендеу ортасына адамзат, яғни адамдар кірді. Олар итбалықтың меншігіне қол сұқты, сондықтан да итбалықтар адам тістеп, шабуыл жасап жатыр. Менің ойымша, мемлекет итбалықтарға өзін жайлы сезінетін мекен керек екені туралы ойлану керек.Kaz Eco Patrol қоғамдық қозғалысының жетекшісі Тимур Елеусізов
Еске салсақ, 14-шағын ауданда жағаға жақын жерде 11 және 12 жастағы жасөспірімдер суға шомылып жүргенде, оларға итбалық шабуылдаған еді. Оларға 16 қыркүйекке дейін екпе салынады.