Жүргізуші Mercedes көлігімен апатқа ұшырап, оқиға орнында қайтыс болды

Сурет: Zakon.kz
Алматы - Көкпек - Көктал тас жолында Mercedes-Benz көлігі жол жиегіне шығып кетіп, ағашқа соғылды. Жол апатынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, көлік қатты жылдамдықпен жол жиегіне шығып кетіп, ағашқа қатты соғылған. Соққыдан Мерседес айналып кетіп, аударылып қалған.

Оқиға куәгерлері жүргізушіге көмектесуге бірден жүгірген. Олар капотаның астынан түтін шығып жатқанын байқаған. Түтін сөне бастағанда адамдар жүргізушіге көмектесіп, оны көліктен шығаруға тырысты. Жедел жәрдем дереу жетті. Дәрігерлер келгенде, тамыр соғысы әлі сезіліп тұрды, бірнеше минуттан кейін ер адам қайтыс болды.

Сурет: Zakon.kz

Кейін өрт сөндірушілер келіп, есікті ашып, ер адамның денесін көліктен шығаруға көмектесті.

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері, анықтаушылар, криминалистер жұмыс істеп жатыр. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан