Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрін құттықтады

2026 жылдың 9 қарашасында Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа Корольдігінің Ұлттық күніне орай елдің премьер-министрі Хун Манетке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2026 16:30 Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 9 қарашасында Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа Корольдігінің Ұлттық күніне орай елдің премьер-министрі Хун Манетке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, мемлекет басшысы бұл мереке Камбоджа халқының бай тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық бірлігі мен ынтымағын ұлықтайтынын атап өтті. Президент Қазақстан мен Камбоджа арасындағы ынтымақтастықтың тұрақты дамып келе жатқанына да тоқталды.

"Жуырда Қазақстанға жасаған сапарыңыздың нәтижесін нақты іске асыруға ден қойып отырмыз. Қол жеткізілген уағдаластықтар елдеріміз арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайтуға тың серпін береді деп сенемін", – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Хун Манетке жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал Камбоджа халқына құт-береке тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: