Қайта қан, сынамалар тапсыру. УДЗ өтті, тағы біреуін наркозбен жасайды. Адамдардан қатты қорқады, бейтаныс адамдардан қорқады, жалғыз қалудан қорқады. Дәрі салғаннан кейін онымен сөйлесу қиын болып кетті, мені де ішке кіргізбей қойды, өйткені қорқады.Жәбірленушінің анасы Светлана Либих
«Астана» телеарнасының хабарлауынша, бала Өскемен қаласындағы оңалту орталығында психологтардың курсынан өтеді.
14 тамызда оқушы қыздың анасы түнгі ауысымнан үйіне оралғанда, қызын қансырап жатқан жерінде байқаған. Бұл іс бойынша 48 жастағы көршісі, екі ұлдың әкесі күдікке ілінді. Ол қамауға алынды.