Талдықорғанда құрылысы аяқталмаған ғимараттан қыздың денесі табылды

Сурет: polisia.kz
25 тамыз күні кешке Талдықорған қаласында «Восточный» ықшамауданының шетінде, құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйдің жанынан 23 жастағы жергілікті тұрғын қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР ІІМ ақпараттық медиа-порталының сайтында хабарланғандай, болжам бойынша бойжеткен биіктен секіріп, өзіне қол жұмсаған.

Қыздың өзіне қол жұмсауына итермелеген мән-жайлар мен себептер анықталып жатыр. Іс жүзінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабында («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») көзделген сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген хабарламада.
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз