Қырғызстанда есірткі тасымалдауға қатысқан қазақстандық ұсталды

Сурет: gknb.kg
2020 жылғы қыркүйекте Шу облысында Қырғызстанның екі азаматы ұсталды. Олардан жалпы салмағы 10 келі болатын ауғандық гашиш тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ Қ.Е.Б есімді Қазақстан азаматы ұсталды. Ол есірткіні Талас облысының Қазақстанмен шекаралас аумағында алуы керек болған. Одан әрі ол жүк Қазақстан аумағына контрабандалық жолмен әкелініп, сатылуы тиіс болған.

2022 жылғы 28 тамызда "Чон-Капка" автожол өткізу пунктінде Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде азамат К.Е.Б. ұсталып, одан әрі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті

Қазір Қырғызстан мен Қазақстан азаматтарының арасынан осы есірткі арнасының басқа да ұйымдастырушыларын анықтау шаралары жүріп жатыр.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

"Барыс" құрамасының экс-қорғаушысы Жоғары хоккей лигасындағы алғашқы ұпайын жинады