Қауіпсіздік кеңесі аппаратында жаңа тағайындаулар болды
Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының бірқатар бөлім басшылары тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
- Александр Владимирович Суханов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Талдау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
- Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
- Марат Мақсұтұлы Аймашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
- Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript