Мұрат Баймұқашев ҚР Қауіпсіздік кеңесі Аппаратының басшысы болып тағайындалды
Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 5 қыркүйекте Мұрат Баймұқашевты ҚР Қауіпсіздік кеңесі Аппаратының басшысы етіп тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті құжатты Ақорда баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында жариялады.
"Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", – делінген құжатта.
Еске салайық, 2026 жылғы 29 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы жарлыққа қол қойған. Құжатқа сәйкес, ҚР Қауіпсіздік кеңесі Аппараты дербес мемлекеттік орган ретінде құрылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript