Жетісу облысында жүк көлігі екі жасар қызды басып, мерт қылды

Сурет: Zakon.kz
18 қыркүйекте Жетісу ауданы Сарыөзек ауылында DAF жүк көлігі екі жасар баланы басып, салдарынан қыз мерт болды. Zakon.kz сайтына облыстық полицияның хабарлауынша, қазір тергеу жүріп жатыр.

Кербұлақ ауданының полицейлері бұл фактіні жан-жақты тексеруге кірісті.

Жеке үйлердің бірінің ауласында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан DAF жүк көлігі екі жасар қызды абайсызда басып қалған. Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ведомство өкілдері тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігі «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бойынша жүргізіліп жатқанын айтты.

19 қыркүйекте Оралда тас басқан жүк көлігінің жүргізушісі үш оқушыны қағып кетті. Балалар ауруханаға жатқызылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған