Алматы облысындағы мектептердің біріндегі адамдар шұғыл эвакуацияланды

Сурет: Zakon.kz
22 қыркүйекте Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы мектептердің бірінің ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат Іле аудандық полиция басқармасының кезекші бөлімінің пультіне келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына ауданның жедел қызметтерінің күштері мен құралдары шұғыл аттанды.

Қазіргі уақытта мектеп аумағы қоршалып, балалар мен педагогтарды толықтай эвакуациялау шарасы аяқталды, іс-қимыл алгоритміне сәйкес өзге іс-шаралар жүргізілуде.

Іле ауданы Өтеген батыр ауылының тұрғындары мен қонақтарын сабырлық сақтауға, үрейленбеуге шақырамыз. Алматы облысы Іле ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

Астрологтар 7 қарашада қаржы жағынан жолы болатын үш жұлдыз белгісін атады

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады