Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 2022 жылғы 12 қыркүйекте Гагарин көшесіндегі үйлердің бірінде ер адам пышақ жарақатын алған. Полицияға қоңырау сағат 22:00-де түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткенде, жәбірленуші жерде жатқан. Көптеген пышақ жарақатын (бауыр мен тік ішектегі пышақ жарақаттары) алған ер адам жедел жәрдем көлігімен ауруханалардың біріне жатқызылды.
Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру.» – ред.) тіркелді. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Әйелдің айтуынша, ол мас болған бұрынғы күйеуімен жанжалдасып, оны пышақтап кеткен. Ол сондай-ақ балаларды бұрынғы күйеуі бастапқыда басқа бөлмеге қамап қойғанын айтты.
Қалалық ПД өкілдерінің айтуынша, әйелден баласын зорлау фактісі бойынша мәлімдемелер болмаған. Оған тергеу сотының санкциясымен үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Күдіктінің уәждерін тексеру және іс бойынша объективті деректерді анықтау мақсатында бірқатар тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Кешенді тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша сотталушылардың іс-әрекеттеріне тиісті процессуалдық шешім қабылдану арқылы тиісті баға беріледі. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі