Түркістан облысында ер адамның ломбардты тонаған сәті видеоға түсіп қалды

Сурет: polisia.kz
Ломбардқа баскиім мен маска киген белгісіз ер адам кірген. Ол қызметкерді қорқытып, ақша талап еткен. Жәбірленуші қорқып, қаскүнемге кассадан 1 миллион 200 мың теңге алып берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғадан кейін күдікті ақшаны алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 191-бабы "Тонау" бойынша полицияға тіркелді. Бірнеше күн ішінде тергеушілер бейнебақылау камерасының бейнежазбасын пайдаланып, қарақшыны анықтады.

Полицейлер күдіктіні тұрғылықты жерінде ұстап, аудандық бөлімге жеткізді. Бұл жергілікті жұмыссыз тұрғын болып шықты.

Күдікті азамат тонау алдында басқа ломбардтарды аралап шыққан. Жәбірленушінің ломбардының кешке дейін жұмыс істейтінін білген ол алтын бұйымдарды қабылдайтын пунктті тонауға бел буған. Қараңғы түскенін пайдаланып, жас жігіт өзінің "ниетіне" жеткен.

Ер адам мұндай қадамға ақша қажет болғандықтан барғанын айтты. Одан пневматикалық тапанша тәркіленді. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды