Тергеу барысында анықталғандай, тамыз айында ер адам мас күйінде отырып, демалыс орнынан тұрғылықты жеріне жетуге бел байлаған Ол өзінің "Тойота" автокөлігінің тізгініне отырып, жылдамдықты шектен асырып, Байқоңыр жолдарымен жүрген.
Полицейлер көлікті тоқтату үшін шара қолданды. Артынан полицияның ілесіп келе жатқанын түсінген ер адам қашып кетпек болған. Үйінің ауласына тоқтап, пәтеріне жүгіріп кірмек болған кезде оны полиция ұстады.
Ол полицияға белсенді түрде қарсылық көрсете бастады, нәтижесінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің біріне орта дәрежедегі дене жарақаты санатына жататын кесілген жарақат түріндегі дене жарақатын келтірді.Байқоңыр қаласының прокуратурасы
Ер адам өз кінәсін мойындап, өкінді. Іс Қазақстанның құқық қорғау органдарына тапсырылды. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қылмыстық жауапкершілікке тартылған адам - Қазақстан Республикасының азаматы. Кешен прокуроры қылмыстық істі одан әрі қылмыстық қудалау үшін Қазақстанның құқық қорғау органдарына жіберді.Байқоңыр қаласының прокуратурасы
2018 жылдың 27 қарашасында Байқоңыр қаласының мас тұрғыны полицейді тістеп алған.