Су ортасында қалған көліктер жайлы желідегі видеоға қатысты ресми мәлімет берілді

Атырау облысында дүлей дауыл тұрып, Каспий теңізі арнасынан асып, тасыған. Салдарынан Исатай ауданының Жанбай және Манаш ауылында ондаған көлік су астында қалған. Суға малмандай болған техникалар балықшыларға тиесілі болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан бірнеше көліктің су ортасында қалғанын анық аңғаруға болады. Бірақ Төтенше жағдай департаменті теңізде қалған бір көліктен ғана шақырту түскенін айтады. Құтқарушылар Нива автокөлігіндегі 55 пен 79 жастағы екі балықшыны қауіпсіз жерге эвакуациялаған. Ал бейнежазбадағы өзге көліктерге қатысты құтқарушылар ешқандай ақпарат жоқ екенін айтады, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Теңіз бағытынан соққан желге байланысты теңіз суының жағаға қарай көшуіне сәйкес техниканың батуы анықталып, аталған азаматар 22 сағат 42 минутта Исатай ауданы Аққыстау ауылына жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ. Басқалай әлеуметтік желіде тарап жатқан видео бойынша Атырау облысы төтенше жағдайдар департаментіне ешқандай хабарлама түскен жоқ. Атырау облысы ТЖД бөлім басшысы Жантөре Демешов
Атырау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: