Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өңірдегі өрттің негізгі бөлігі ауыздықталды.
Зайсан, Глубокое, Ұлан аудандарында, оның ішінде Алтай мен Өскемен қаласында үйлестірілген іс-қимылдар нәтижесінде өрт ауыздықталды. Бұл ретте Ұлан ауданының Герасимовка ауылында және Каменка ауылдық округінің Борсақ учаскесінде, Алтай ауданындағы Серебрянск қаласында және Өскемен қаласында Машина жасаушылар көшесінде (Согра ауданы) өрттер толық сөндірілді. ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Күршім ауданында Пугачев орман шаруашылығы мен Маралды ауылдық округінің аумағында Үшбұлақ ауылынан 14 шақырым жерде өрт әлі сөндіріліп жатыр. Өр аумағы анықталуда.
Өңірдегі өрттердің алдын-ала болжам бойынша ауданы 2000 гектардан асты.ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
ШҚО ТЖД мамандары атап өткендей, тұрғын және саяжай үйлерінің аумағындағы өрттердің негізгі пайызы аймақтағы ыстық және құрғақ ауа райынан, өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін бұзудан туындаған.
Өртті сөндіру жағдайын екпіні 20 м/с дейін қатты соққан жел қиындатты. Құтқарушылар облыс аудандарында дауылдың алдын алу және өрт қаупі туралы алдын ала хабардар еткен болатын. ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Өртті сөндіруге ЖАО, ұйымдар, шаруа қожалықтарының күштері мен құралдары да тартылған. Барлығы 120 бірлік техника және 700-ге жуық адам, оның ішінде: ШҚО ТЖД, ЖАО, орман мекемелері, Ұлттық ұлан, ҚР Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері мен ШҚО әкімдігінің МИ-8 тікұшағы бар.