ҰҚК арнайы операция жүргізіп, криптоақша айырбастау орнын анықтады

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткімен айналысатын топтардың қылмыстық жолмен келген қаржыларын "тазарту" мақсатында қолданатын криптоалаңды анықтау және бейтараптандыру бойынша алғашқы арнайы операциясын жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Операция 2022 жылғы қаңтарда Қазақстан, Өзбекстан мен Ресейдің "есірткі нарығын" психотроптық заттармен қамтамасыз етіп отырған жасырын есірткі лабораториясын жоюдан басталды.

Ведомсвто өкілдерінің ақпараты бойынша, заңсыз айналымнан есірткінің рекордтық партиясы – 188 келі "мефедрон" алынды.

Мұнан соң арнайы қызмет қылмыстық капиталды Қазақстаннан тыс шығару мен оны "тазарту" схемаларын анықтау бойынша шараларды қолға алды.

Ақша аударымдары қаржылық айналымда қажетті деңгейде айқындалмаған криптовалютада жүргізілгені қиындық тудырғанын атап өту қажет.ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК қылмыстық тізбектің барлық қатысушыларын анықтау арқылы, "биткойндарды" қолма-қол ақшаға айналдыратын криптоақша айырбастау орнын тапты.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, бұл ұйым Алматыдағы әртүрлі ақша айырбастау орындарының қызметкерлері арқылы ақшаны қолма-қол беріп отырғаны белгілі болды.

Нәтижесінде қылмыстық схеманы ұйымдастырушы мен оның жақтастары ұсталды.

Мемлекет кірісіне қылмыстық топтардың іс-әрекетінен тапқан криптовалютадағы 68 млн теңге қаржысы өткізілді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді