Табылған мүрде үндістандық студенттікі емес, әйел адамдікі – Түркістан облыстық ТЖД

Сурет: Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі
Төтенше жағдайлар департаменті суға батып кеткен Үндістаннан келген студенттерді іздеу жұмыстарына қатысты тың мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үндістаннан келген студенттің денесі табылғанын құтқарушылар 10 қазанда хабарлады. Алайда 13 қазанда мәйіт Ақсу өзенінің маңында суға батып кеткен шетелдік азаматтікі емес, белгісіз әйелдікі екені анықталды.

Төтенше жағдайлар департаменті мұндай қорытындыға медициналық сараптама қорытындысынан кейін келгенін түсіндірді.

Табылған мәйіт жеке басын анықтау үшін полицияға тапсырылды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне бұған дейін тағы бір адамның суға батып кеткені туралы ақпарат түспеген. Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының бастығы Дәурен Таубаев

26 маусымда Түркістан облысы Төлеби ауданы, Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде (Ақсу шатқалының Ақсу өзенінде) екі студент белгісіз жағдайда суға батып кетті.

Суға батқан студенттер әлі де іздестіріліп жатыр.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы