Ұлытау облысында 4 балықшы із-түссіз жоғалып кетті

Сурет: pixabay
13 қазанда Дуылғалы өзенінің аймағында болғанда балықшылармен байланыс үзілген. Екі күннен кейін жоғалған балықшылардың туыстары Ұлытау облыстық ТЖД-дан көмек сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомствоның баспасөз қызметі атап өткендей, балық аулауға әуес 4 адам Сәтбаев қаласынан шығып, Ұлытау ауданы Байқоңыр ауылы маңындағы Дуылғалы өзеніне кеткен.

Шақыру келіп түскеннен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін облыстық ТЖД қызметкерлері мен арнайы техника Жезқазғаннан оқиғаның болжамды ауданына (шамамен 190 км қашықтықтағы) қарай аттанды. Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта, ведомство хабарлағандай, іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

10 қазанда Павлодар облысында жұмбақ жағдайда жоғалған балықшылардың денелері табылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды