Алматыда тергеуден қашып кеткен азамат қамауға алынды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда 14 қазанда тергеуден қашып кеткен қылмыскер екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 16 қазанда қаулымен тергеу органдарының ұсталғанға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылған.

Қашып кеткен қылмыскерді полицейлер 15 қазанға қараған түні Қарасу шағын ауданында Солтүстік айналма көшесінің бойында ұстаған.

2022 жылдың қыркүйек айында ұсталған азаматты Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кісі өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырды.

14 қазанда Алматыда сотталушы тергеу изоляторынан қашып кеткен.

13 қазанда әлеуметтік желілерде Алматыдағы уақытша ұстау изоляторының аумағынан қашып кеткен екі адамды іздестіру туралы хабар тарады. Полицейлер қашқындардың арнайы операция кезінде бірден ұсталғанын хабарлады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз