Ейскіде көз жұмғандар терезеден секіріп, мерт болған

Сурет: ВКонтакте/Краснодар өлкесінің ТЖМ
Ресейдің Краснодар өлкесінің вице-губернаторы Анна Минкова СУ-34 әскери ұшағы құлаған көпқабатты үйдің үш тұрғыны өртеніп жатқан үйден секіріп, қаза тапқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол "Газете.ru" басылымына дәрігерлердің ақпаратына сүйене отырып айтты.

Зардап шеккендерге келетін болсақ, қазір ауыр халде жеті адам бар, оның біреуі – бала. Олар өрт кезінде уланған, қазір барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Тағы жеңіл зардап шеккендер бар, олар да ауруханада жатыр, сегіз адам. Олар оттегімен тыныс алып, есін жисын деп қалдырдық. Содан кейін оларды қайда орналастыратынымызды шешеміз.Краснодар өлкесі губернаторының орынбасары Анна Минкова

Краснодар өлкесінің жедел штабының соңғы мәліметтері бойынша, Ейскіде Су-34 ұшағы апатынан қаза тапқандар саны 4 адамға жетті, 6 адам із-түссіз жоғалды, 25-і түрлі жарақат алды.

Ұшқыштар жарылыстан бірнеше секунд бұрын секіріп үлгеріп, аман қалды.

Су-34 әскери ұшағы Краснодар өлкесінің Ейск қаласында тұрғын үйдің жанына құлады. Ұшақ құлағаннан кейін үйде өрт шықты. Оқиға оқу-жаттығу рейсіне көтерілу кезінде болған. Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі апатқа себеп болған "ұшу кезінде қозғалтқыштардың бірінің тұтануы" екенін айтты.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді